Закрыть ... [X]

Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий

сценарий Өнер, еңбек, дене шынықтыру, өзін-өзі тану және алғашқы әскери дайындық пәндер бірлестігі апталығының ашылуына арналған сценарий.

 (Мектептің кіре беріс дәлізінде бірнеше оқушы апталықтың ашылуына арналған шақыру парақшаларын ұстаздар қауымына таратып тұрады. Ашылу салтанаты өтетін мектептің акт залы іс шараға сай безендіріліп, ұстаздар мен оқушылар жиналғанша сахнадан ән-күйлер орындалып тұрады.

Салтанатты музыканың ырғағымен сахнаға екі жүргізуші /оқушылар/ шығады. Жүргізушә ұл әскери /омондарша/ киінген, ал қыз бала спорт киімімен шығады).

Еркебұлан:

-Армысыздар ардақты алқалы жұрт!

Гүлжан:

-Қайырлы күн!

Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті бетке алатын барша оқушылар мен аяулы ұстаздар.

Ұстаздар демкші бір түрлі ән айтқым келіп тұрғанын қарашы:

(Ұстазым менің ұстазым

Өзіңмен өткен қыс жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің ұстазым)  деп әндете жөнеледі.

Еркебұлан:

-Гүлжан не істеп тұрсың, ұстаздар мерекесі әлдеқашан өтіп кетті емес пе? Ән айтқаның қалай?

(Гүлжан Еркебұланға жалт қарайды  да)

Гүлжан:

-Мәс саған, Еркебұлан не киіп алғансың? Мектеп формасы қайда, әскерге барғың кеп жүргеннен саумысың өзің?

Еркебұлан:

-Әуелі өзіңе қарап ал, сен де спорт киімімен келіпсің ғой?

Гүлжан:

-Ана бір түймең үзілейін деп қалыпты, кел қадап берейін деп (ине-жібін алып Еркебұланға жақындайды).

Еркебұлан:

-Рахмет тоқтай тұр, әуелі мен ана бір шегені қағып алайын шығып кетіпті біреудің аяғына кіреді  ғой (Еркебұлан сахнадағы шегелерді балғамен ұра бастайды).

Гүлжан:

-Еркебұлан осы сен екеуіміз сахнаға не үшін шықтық, не боп кетті өзі, ән, ине-түйме, балға-шеге әскери және спорт формасы?

Еркебұлан:

Өзімізді-өзіміз таныту керек ғой!

Гүлжан:

-Олай болса бастаймыз ба?

Еркебұлан:

-Әрине, бастасақ бастайық.

Бүгін өнер, еңбек, дене шынықтыру,

Гүлжан:

 өзін-өзі тану және алғашқы әскери даярлық пәндер бірлестігі апталығының ашылуына (екеуі бірге) қош келдіңіздер!!!

Еркебұлан:

-Олай болса аталмыш пәндер бірлестігінің мүшелері мұғалімдерімізді сахна төріне шақырайық.....

Гүлжан:

Бірлестікке жетекші

доп қуғызып жүгіртетін,

шаршататын, түңілтетін

ұзындыққа, биіктікке секіретін

ентіктіріп кекіретін Аягөз апайды қарсы алайық

Еркебұлан:

Талай жарыс өткізетін

мәреге, бізді жеткізетін

доп ойнатып спорт залда

қыста шаңғы тепкізетін,

оза шауып жарыстарда

жүлде алғаны талай бар

бізді спортқа баулып, жүрген

Ержанат,Хасен ағайлар.

Гүлжан:

Ұнатар әр кез қолдауды

жүретін ойлы толғаулы

Өмірзақ ағай үйретер

Отанды, елді қорғауды

Еркебұлан:

Ұстатып балға сүргіні,

қайнаған еңбек қызулы,

арамен қалай кесуді

үйретеді тағы, сызуды

Зейнолла ағай бес аспап,

сайлау да қолынан өтеді

Алысқа бізді апарар

шофер боп кейде кетеді.

Гүлжан:

Сабақтауды инені

қадауды қалай түймені

кесуді қалай кеспені

тоқуды қалай кестені

осының бәрін үйретіп

шеберлікке баулитын

Айнагүл апай ортада.

Еркебұлан:

Байыппен тыңдап сөзіңді

байқайды мінез, сезімді

Шолпан апай танытар

өзіңе әкеп өзіңді.

 Гүлжан:

Ақын боп өлең жазады,

сәттерде кейде қас қағым.

Арқалап әр кез жүреді,

домбыра, баян аспабын.

Үйретіп жүр өнерге,

талапты талай жастарын.

Шаңдатыр жүреді үнемі

мектеппен ДК арасын

өнердің бәрін меңгерген

Амангелді ағай жас дарын.

 (бірлестік мүшелері сахнада қатар тұрып өздерінің ұран мен мақсаттарын айтады).

 Біздің мақсатымыз:

Дені сау, бәсекеге қабілетті, өнерлі, қажырлы қайсар, жан-жақты білімді ұрпақ қалыптастыру.

(Бірлестік жетекшісі апталықтың өтетін ашық сабақ және іс-шаралардың бағдарламасымен таныстырады).

Гүлжан.

"Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем, ән мен тәтті күй

көңілге түрлі ой салар

әнді сүйсең менше сүй "-деп Абай атамыз айтқандай. Олай болса осы ұстаздарымыздан тәлім алып жүрген талантты оқушылардың шағын концертін ұсынамыз, қабыл алыңыздар!

1."Ерке сылқым" күйі орындайтын Зейнулғабиден Нұрмағамбет.

2. "Қазақ елі" әні орындайтын Хамидолла   Жұлдызай.

Еркебұлан:

Құрметті оқушылармен ұстаздар! Осымен Өнер, еңбек, дене шынықтыру, өзін-өзі тану және алғашқы әскери дайындық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы өз мәресіне жетті.

Сау болыңыздар!

 

 

 


Источник: http://sc0002.egindykol.akmoedu.kz/documents/view/7BC47F0092A26AF5.html




Рекомендуем посмотреть ещё:




Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий Плейкаст с праздником пресвятой богородицы поздравления

Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий Гуманитарлы? п?ндер апталы?ыны? ашылуы сценарий

ШОКИРУЮЩИЕ НОВОСТИ